13
апрель
2020
Құрметті ұстаздар!
2019-2020 оқу жылының 4 тоқсанында
Алматы облысының жалпы орта білім беру ұйымдарында
қашықтықтан оқытуды іске асыру бойынша
қадамдық нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 14.03.2020 ж №108 бұйрығы негізінде орта білім беру ұйымдарында көктемгі демалыс уақытының ұзақтығы 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында бекітілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ағымдағы жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейін Қазақстанда короновирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 6 сәуірінен бастап білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту іске асырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан қашықтықтан оқытуға қолдау көрсетіледі. Төртінші тоқсан басталысымен барлық Интернет оқу ресурстары оқушылар үшін тегін болады, Министрліктің жоспары бойынша балаларды оқытудағы басты роль телевидениеге тиесілі болмақ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектеп мұғалімдеріне интернет платформалар мен тиімді жұмыс істеп тұрған сайттарға орналастырылған оқу материалдарын пайдалануға кеңес береді.
Осыған байланысты, әрбір білім беру ұйымында әкімшіліктің бір мүшесін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға жауапты етіп тағайындау қажет. Қашықтықтан оқыту- ұзартылған каникул емес, толыққанды білім беру екенін түсіну маңызды.
Оқушылардың білім нәтижесін өздері оқитын мектептің мұғалімдері бағалайды. Оқушылардың желілік ресурстармен жұмыс барысында алған білімі ескеріледі, яғни он- лайн режиминде желілік ресурстардағы материалдарды меңгеру нәтижесі сынып журналына қойылады.
Білім беру ұйымының әкімшілігі мен педагогтері келесі тәртіппен әрекет етуі қажет
1 қадам
Мектеп директоры
1. Білім алушылардың,педагогтардың және де басқа қызметшілердің санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету шараларын қатаң ұстанады, қабылданған шаралар туралы жоғарғы органға хабарлайды.
2. Оқу үрдісіне қатысушылармен келесі сұрақтар бойынша нұсқаулық жүргізеді:
1) Әрқайсысының денсаулықты сақтау жауапкершілігі, сырқаттанудың алдын алу шаралары;
2) қажет болған жағдайда ақпараттық «Kundelik.kz» жүйесі, телефон арқылы оқушылардың ата – аналарына жеке кеңес беру.
3. Барлық мектеп мұғалімдерін қатыстыра отырып, чат құрады.
4. Қашықтықтан оқыту үрдісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сонымен бірге техникалық жағдай жасайды.
5. Оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі, координатор (үйлестіруші) белгілейді.
6. Сабақ кестесін бекітеді.
7. Телеарна және қағаз түрінде оқитын оқушыларға педагог-курьерлер тізімін бекітеді.
8. Педгогтар мен жауаптылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға жауапты (координатор) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
1. Педагогтерге қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша, тірек конспектілерін пайдалану, телеарна сабақтары, интернет ресурстарын пайдалану туралы түсінік береді.
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының берген мәліметтері негізінде оқу үрдісіне қатысушылардың телеарна сабақтары мен оқу контенті бар ақпараттық платформаға қолжетімділігінің мониторингін жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген телесабақтар кестесіне сәйкес, әр пән мұғаліміне мектептік телесабақтар кестесін дайындайды.
4. Қажет болған жағдайда пән мұғалімін алмастыруды іске асырады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Сынып жетекшілерден әр оқушының электрондық жүйені пайдалану мүмкіндігі туралы ақпарат жинайды.
Ақпаратты зерделеп, әр оқушымен байланыс каналдары анықтайды.
Ата-аналарға, оның ішінде АӘК алатын және аз қамтылған отбасы мүшелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Сынып жетекші:
1. Сынып оқушылары үшін чат құрады .
2. Пән мұғалімдеріне оқушылардың байланыс мүмкіндіктері (ұялы телефон, үй телефоны, электронды пошта) көрсетілген сынып тізімін береді, әр оқушының желіге қосылу мүмкіндіктерін мен оқу материалдарын алу мүмкіндіктерін және кері байланысқа түсе алу мүмкіндігін қарастырады.
3. Оқушылар мен олардың ата- аналарын (заңды өкілдері) сабақ кестесіндегі өзгерістер, білім алушылардың кері байланысқа түсе алуы, қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үрдісін іске асыру туралы хабардар етеді.
4. Өзінің сыныбындағы оқушылардың электронды күнделік және электронды поштаға тіркелуін қамтамасыз етеді.
Пән мұғалімі:
1. Электронды журналда және күнделікте календарлық- тақырыптық жоспарларына көктемгі демалысқа байланысты өзгерістер енгізеді.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген телеарна сабақтарын пайдаланады.
3. Пән бойынша Bilim Land, Дарын онлайн платформаларының мүмкіндіктерін, интернет желісіндегі видеосабақтар, облыстық әдістемелік орталықтың Ютуб каналындағы видеосабақтар мен қажет материалдарды пайдалана алады.
4. Әр оқушымен жедел байланыс жасау мүмкіндіктерін қарастырады (чат, скайп, хабарлама алмасу, телефон).
2 қадам
Мектеп директоры:
1. Қашықтықтан оқытуды үнемі бақылауда ұстайды.
2.Пән мұғалімдерінің оқу бағдарламасын орындауын бақылайды.

1. Қашықтықтан оқыту барысында әдістемелік көмек көрсету мақсатында педагогтар үшін видеокоучингтер ұйымдастырады.
2. Пән мұғалімдерімен бірге қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысын анықтайды; оқыту әдісі мен түрлері, білім алушылардың тапсырмаларды алған уақыты мен орындалған жұмыстарды көрсетуін қадағалайды.
3. педагогтардың бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істеуі мен олармен кері байланыс ұйымдастырады.

1. Сынып жетекшілердің жұмысына басшылық жасайды.
2. Сынып жетекшілердің ата- аналармен жұмыс жүргізуіне әдістемелік көмек көрсетеді .
Сынып жетекші:
1. Оқыту барысы мен оқушылардың оқу нәтижесі бойынша үнемі ата- аналарын хабардар етеді.
2. Оқушылар және олардың ата аналарымен (заңды өкілдері) күнделікті байланыста болады.
3. Мектеп әкімшілігіне жүргізіп жатқан жұмыстары туралы хабарлап отырады.
4.Кері байланыс алу мақсатында электронды журнал, kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz, жүйесінде, сонымен қатар, Whatsapp, Telegram және т.б желілерде оқушылар мен олардың ата – аналарымен байланысу үшін чаттар мен форумдар құрып, пайдаланады
5. Әр оқушымен жедел байланыста болады, әр оқушының жүйелік мүмкіндіктерін сараптайды және әр оқушының оқу бағдларламасын орындауын қадағалайды.
Пән мұғалімі:
1 Директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен атқарылатын жұмыс түрлерін келіседі.
электронды журнал, күнделік мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушылар мен олардың ата- аналарына БЖБ нәтижесі бойынша комментариялар жазады және жүргізіліп жатқан жұмыс түрлері туралы уақтылы хабарлайды.
Оқушыларға қажетті тірек конспектілері, үй тапсырмасы және қосымша оқу материалдарын kundelik.kz электронды журналы, оқушыныі электронды поштасы және «WhatsApp» мобильдік желісі арқылы таратады.
Оқушының өз бетінше жұмыс жүргізуіне бақылау жасайды, сол әдіспен кері байланысты іске асырады.
5. Сабаққа қатысты орындалған тапсырманы мұғалім және оқушы үшін кез келген қолжетімді әдіспен жинақтауды іске асырады (электронды журнал, күнделік, электронды пошта, телефон, басқа да технологиялар).
6. Электронды журнал платформасында келесі бөлімдерді уақытында толтырады:
а) әр телеарна сабақтарынан кейін үй тапсырмасын беру (оқулықтан тапсырма және пайдаланылатын ресурстарға сілтеме);
б) тапсырмаларды орындау нұсқаулары берілген файлдарды бекіту;
в) үй тапсырмасын орындау бойынша кері байланыс, сабаққа комментарий .
3 қадам
Мектеп директоры:
Қашықтықтан оқыту мониторингін жүргізеді және қашықтықтан оқыту үрдісін ұйымдастыруды (педагогтар, білім алушылар мен олардың ата-аналарымен(заңды өкілдері) кері байланыс, педагогтармен кері байланыстың жиілігінің мониторингі және т.б) бақылайды.
2. Пән мұғалімдерінің оқу бағдарламасын орындауын бақылайды.

Сабақтардың қосымша контентерін әзірлеу және орналастыру жұмыстарын ұйымдастырады (формативті және суммативті жұмыстар).
2. Оқу үрдісіне қатысушыларға (педагогтар, білім алушылар, олардың ата- аналары (заңды өкілдері), басқа да қызметшілерге) қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жұмыстары мен нәтижесі туралы хабарлайды.
3. Электронды журнал жүйесі арқылы қашықтықтан оқыту үрдісін ұйымдастыру мен бақылау, суммативті бағалауды іске асырады.
4. Педагогтардың оқу жүктемесінің орындалу жұмыстарына басшылық жасайды.

1. Сынып жетекшілердің жұмысына басшылық жасайды .
Сынып жетекшісі :
1. Ата- аналарға оқыту барысы және оқушының білім алудағы көрсеткен нәтижесі туралы үнемі хабарлайды.
2. Оқушылардың берілген үй тапсырмасын орындауларын қадағалайды.
Пән мұғалімі :
1. Электронды журнал платформасында келесі бөлімдерді уақытында толтырады:
а) жиынтық жұмыс нәтижесі;
б) оқушы видеоконференцияға қатыспаған немесе берілген тапсырманы уақытында орындамаған жағдайда электронды журнал платформасына сабақта болмады деп белгілейді;
в) білім алушылар үшін жеке кеңес ( консультация) өткізеді, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін;
г) атқарылған жұмыстар мен нәтижесін әкімшілікке хабарлайды.
1-3 қадам:
Педагог-психолог:
1. Қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері) үшін психологиялық қолдау көрсету бойынша ұсынымдар әзірлейді.
2. Білім алушылармен, олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) жеке онлайн-кеңестер (консультациялар) өткізеді.
Қашықтықтан оқыту үрдісіне тартылмаған педагогтар
«Сынақ»/ сынақтан өтпеді» («Зачет/незачет») деп бағаланатын пәндер телевидение арқылы оқытылатын пәндер қатарына енгізілмеді (Дене тәрбиесі, Өзін өзітану, Көркем еңбек, Музыка, Алғашқы әскер және технологиялық дайындық, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, графика және жобалау).
Аталған пәндердің мұғалімдеріне өз пәндері бойынша видеоконтент дайындап және оларды бұлтты технологиялар мен видеохостингтерді пайдалану арқылы орналастыру ұсынылады (мысалы, aitube.kz), сонымен қатар, электронды журналға сілтемесін орналастыруға болады.
Дене тәрбиесі, алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні мұғалімдері- оқушылар үйлерінде орындау үшін физикалық және саптық жаттығулар кешенін әзірлейді.
Көркем еңбек, графика және жобалау пәндерінің мұғалімдері- қолдан жасайтын бұйымдар мен макеттерді дайындау бойынша нұсқаулықтар әзірлейді.
Өзін- өзітану, бизнес және кәсіпкерлік негіздері пәндерінің мұғалімдері- жобалау қызметі бойынша ұсынымдарын береді.
Музыка пәнінің мұғалімі – тыңдауға қажет музыкалық шығармалардың тізімін ұсынады.
а) онлайн режимінде тәрбиелік іс шараның ұйымдастырулуы мен өткізілуіне қатысады;
б) онлайн- сабақтар және шараларды ұйымдастыру мен өткізуге әдістемелік көмек көрсетеді;
в) атқарылған жұмыстар мен нәтижесі туралы әкімшілікке хабарлайды.
Білім алушылар:
1. Қолжетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесі, сабақ тақырыптары, онлайн- сабақ мазмұнымен танысады.
2. Өз бетінше оқу үшін оқу материалдарын алу мақсатында күнделікті электронды күнделік жүйесіндегі жеке кабинетіне, электронды поштасына және де басқа байланыс технологияларына кіреді.
3. Күнделікті кестеге сәйкес телеарна сабақтардың берілуін (трансляциясын) қарайды.
4. Білім беру ұйымдарында орнатылған қолжетімді байланыс құралдары арқылы күнделікті өз бетінше тірек конспектілерінің тапсырмасын орындайды.
5. сынып жетекші және пән мұғалімдерімен күнделікті байланыста болады.
6. Пән мұғалімінің комментарийлерінен кейін қатемен жұмыс орындайды.
7. Педагогтардың талаптарына сәйкес орындаған тапсырмалардың сканерленген (немесе сурет) түріндегі нұсқасын қолжетімді байланыс құралдары (электронды күнделік, электронды пошта, WhatsApp-чаты и т.б) арқылы пән мұғаліміне күнделікті жіберуі тиіс.
8. Академиялық адалдық ережелерін және оқу тапсырмаларын орындауда өзін өзі тексеру принциптерін сақтайды.
9. Қосымша электронды білім беру ресурстарын пайдаланады.
Оқушылардың ата- аналары (заңды өкілдері):
1.Қашықтықтан оқытуға жағдай жасайды.
2. Жұмыс,сабақ кестесімен, оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыру үрдісімен танысады.
3. Білім алушылардың үй тапсырмасын орындауына бақылау жасайды.
4.Сынып жетекшісі және пән мұғалімдерімен байланыста болады.
Қорыта келе, ең маңыздысы, болған жағдайларға қарамастан оқушының білім алуы, ал ұстаздар өздерінің маңызды және жауапкершілікті жұмыстары- білім беруді (оқытуды) жалғастыруы қажет. Облыс мектептерін коронавирусқа байланысты онлайн- оқытуға көшіруде қашықтықтан оқыту үрдісін сапалы іске асыру және әр оқушының оқу бағдарламасына сәйкес өз білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар деуге болады.