01
март
2024
"Жылы жүрек" қайырымдылық қоры
Алматы облысы Іле ауданы №42 орта мектебінің 9ғ сынып оқушылары мектепте "Жылы жүрек" қайырымдылық қорын ұйымдастыра отырып,
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын іске асыру мақсатында Алғыс айту күніне қарсы Алматы қаласы "Қамқор" әлеуметтік үйіне қарттарды құттықтап барып қайтты. Қайырымдылық қорынан түскен қаражатқа "Қамқор үйіндегі" 40 қарт кісіге арнайы қазақы қамзол, қысқа шапан, ақ жаулық, тақияны сыйға тартты. Оқушылар қарттарға өздері алып барған ақ дастарқаннан дәм таттырып, кішігірім мерекелік қойылым қою арқылы жағымды көңіл-күй сыйлады. Нәтижесінде ынтымақтастық пен достықты нығайту мақсатында екі мекеме меморандумға отырып, қажетті құжаттарға қол қойылды. "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" демекші, асыл қазыналы қарттар мектеп оқушыларына алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.