Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
30
сентябрь
2021

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

«Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
№42 орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында әлеуметтік мәртебеге ие жетім, ата - анасының қамқорлығынан тыс қалған, көпбалалы , аз қамтылған отбасы балаларын мектепке тарту мақсатында жыл бойы жүретін «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық, көмеккке мұқтаж, аз қамтылған, жетім, ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға көмек көрсету.
«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы аясында Казцик ауылдық округінің әкімі Бауыржан Жұмабаев аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 25 балаға оқу – құралдары мен сөмке тарту етті. Жетіген ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Кобентай Жайык Кайратулы ата – анасының қамқорлығынан тыс қалған 1 оқушыға қыстық күртеше алып берді. Мектеп мұғалімдері де көмекке мұқтаж отбасы балаларына мектепке керекті оқу – құралдарын алып берді. Демеушілердің қатарында ата – аналарымыз да ат салысып көмекке мұқтаж отбасы балаларына оқу - құралдары мен азық түлік алып берді. «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын табуда.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив