21
январь
2022
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
№42 орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында әлеуметтік мәртебеге ие жетім, ата - анасының қамқорлығынан тыс қалған, көпбалалы , аз қамтылған отбасы балаларын мектепке тарту мақсатында жыл бойы жүретін «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық, көмеккке мұқтаж, аз қамтылған, жетім, ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға көмек көрсету.
«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы аясында Казцик ауылдық округінің әкімі Бауыржан Жұмабаев аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 25 балаға оқу – құралдары мен сөмке тарту етті. Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Ахметова Алтынай «Международная корпорация ФОХОУ» www.Fahow.com компаниясы атынан денсаулығына байланысты үйде оқитын оқушыға 300 000 (үш жүз мың) теңге ақшалай 200 000 (екі жүз мың) теңгеге керекті дәрілерін, сауықтыру өнімдерін берген. Жетіген ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Кобентай Жайык Кайратулы ата – анасының қамқорлығынан тыс қалған 1 оқушыға қыстық күртеше, жылы шалбар алып берді. Мектеп мұғалімдері де көмекке мұқтаж отбасы балаларына мектепке керекті оқу – құралдарын алып берді. Демеушілердің қатарында ата – аналарымыз да ат салысып көмекке мұқтаж отбасы балаларына оқу - құралдары мен азық - түлік, қыстық аяқ киім алып берді. «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын табуда......
Қиын қыстау заманда қол ұшын созып қолдау көрсеткендеріңізге алғысымыз шексіз.
№42 орта мектебінің
әлеуметтік педагогі
К.Дюсебаева