«Болашаққа бағдар: Ұстаздан - шәкіртке»
Жаратылыстану пәні бірлестігінің «Жаратылыстану тіршілік гармониясы» атты он күндігі аясында жоғары оқу орындарының атап айтсақ Абай атындағы Қаз ҰПУ , АТУ-нің ұстаздары мен №42 орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары арасындағы «Болашаққа бағдар: Ұстаздан шәкіртке» атты болашақ мамандыққа бағыт беру кездесу кеші өтті.
Кездесуде алғы сөзді Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Кәсіби бағыт-бағдар беру орталығының жетекшісі доцент, педогогика ғылымдарының кандидаты Нұрмахан Әуесбекұлы және Абай ат. ҚазҰПУ-нің "География және экология" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарың кандидаты Омаров Қайрат Махамбеткулұлы мектебіміздің оқушыларына болашақ мамандық туралы бағыт-бағдар берді. Оқушылар тарапынан әртүрлі деңгейдегі сұрақтар қою арқылы кері байланыстар берілді.
Келесі сөз кезегі техникалық мамандар даялайтын АТУ-нің ұстаздарына берілді. Профессор, техника ғылымдарының кандидаты Калимолдина Ләйлә Маутеновна, химия ғылымдарының кандидаты Калиева Ботакөз Қайрановна, сениор-лектор магистр Шаихова Жанат Ережиновналар өз кезегінде оқушылардың мамандық таңдауы бойынша көптеген құнды ақпараттарымен бөлісіп отырды. Оқушылар негізгі сұақтары жоғары оқу орындарына шектік баллы, мамандыққа байланысты жеңілдіктер, жатаханалар, білім жүйесі сияқты сұрақ-жауаптар алынып отырды.
Қортынды сөз мектеп директоры Ғалия Сагимбекова мен жаратылыстану пәні бірлестігінің жетекшісі Құндыз Түркістанова кездесудің мақсатына жеткендігі және кеш қонақтарының оқушыларға берген ақпараттары үшін алғыс сөздер айтылды. Алдағы уақыттары жоғары оқу орындары мамандарымен бірлесе атқаратын жұмыстар туралы жоспарлар құрылатын болды.