19
июль
2021
Жаз кезінде балалардың қауіпсіздігі
Е.Ж.ҚОШАНОВҚА
Жаз кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету бойынша қабылданып жатқан шараларға қатысты
Сіздің а.ж. 28 мамырдағы тапсырмаңызға сәйкес ҚК Аппараты Білім және ғылым, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Мәдениет және спорт министрліктерінің басшыларымен жаз кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді (бейнеконференция байланысы режимінде).
Проблемалық мәселелер қаралып, жаз кезінде балалармен байланысты оқиғаларды болдырмау бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді.
ТЖМ-ның мәліметтері бойынша биылғы жылы су қоймалары мен өрт кезінде балалардың жарақат алуы мен қайтыс болуы деңгейінің жоғары екені байқалады.
Суда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты.
А.ж. 4 айда балалардың суда қайтыс болуының 29 жағдайы тіркелді, бұның барлығы шомылуға арналмаған орындарда болған (суға ағып кету 38%-ке өскен, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 18 бала суға кеткен).
Анықтама: Өңірлер бөлінісінде а.ж. суға ағып кеткен балалардың саны: Түркістан облысы – 8, Ақтөбе, Алматы, Атырау – 3 баладан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда – 2-ден, Нұр-Сұлтан, Жамбыл, Карағанды, Қостанай – 1 баладан.
Бұл ретте Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктер тарапынан коммуналдық жағажай жасау бойынша жеткілікті жұмыс жүргізіліп жатпағанын атап өтуде. Негізінен ақылы жеке жағажайлар, аквапарктер мен ашық бассейндер жұмыс істейді, олар халықтың көпшілігі үшін қолжетімсіз.
Осыған орай адамдардың көпшілігі белгіленбеген орындарда шомылады.
Анықтама: ТЖМ-ның ақпараты бойынша коммуналдық жағажайлар мына облыстарда бар: Ақтөбе облысында – 50; Павлодар – 17; Алматы және Маңғыстау – 8-ден; Ақмола және СҚО – 7-ден; Алматы қ. және Түркістан облысында – 4-еуден; ШҚО, Жамбыл және Қостанай – 3-еуден; Шымкент қ. және Қарағанды облысында – 2-еуден; Нұр-Сұлтан қ., Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында біреу де жоқ.
Балалардың өрт қауіпсіздігін, соның ішінде балалар лагерлері мен демалыс орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты.
А.ж. 4 айдың қорытындысы бойынша өрттен қайтыс болған (17 бала, 41%-ке өскен), өрт кезінде жарақат алған (10 бала, 70%-ке өскен) және өрт кезінде уланған (84 бала, 61%-ке өскен) балалар санының едәуір өскені байқалады.
Биылғы жылы балалардың өлімі мен жарақат алуының жағымсыз өсу себептері індет кезінде білім беру объектілері қызметіне енгізілген шектеулер, балаларды ата-аналарының қарауынсыз қалдыру, өрт туындаған кезде ересектер мен балалардың дұрыс әрекеттер жасамауы.
Жазылғанды ескере отырып, ахуалды тұрақтандыру және балалардың өліміне жел бермеу мақсатында мынадай тапсырмаларды беруге болады деп санаймыз:
1. Білім және ғылым министрлігі Төтенше жағдайлар, Ақпарат және қоғамдық даму, Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп:
1) балалар мен ата-аналар үшін суда, от пайдалану, өрт кезінде және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік шаралары бойынша танымдық бейнероликтер дайындап, оларды телеарналарда, әлеуметтік желілерде, телеграмм-арналарда, кинотеатрларда фильм көрсетер алдында көрсету мәселесін пысықтасын.
Балаларды орын алған оқиғалар немесе олардың қауіптері туралы уәкілетті органдарды хабардар ету (112 телефоны, мобилді қосымшалар) дағдыларына оқыту шараларын қабылдасын;
2) жазғы кезеңде балалардың демалысын, бос уақыттарын және оларды жұмыспен қамту мәселелерін Үкімет жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарының аясында қарауға бастамашылық жасап, балалардың су қоймаларында, өрт, жазатайым оқиғалар кезінде қайтыс болуының алдын алуға бағытталған шаралар кешенін әзірлесін.
2. Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен бірлесіп, оқиға болған орындар мен жағдайларды анықтау үшін, кәмелетке жасы толмаған балалардың қайтыс болуы мен жарақат алуы жағдайларына талдау жасап, кейіннен жасөспірімдер жиналатын орындарды, соның ішінде балалардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп тудыратын жабдықталмаған орындар мен басқа да орындарды профилактикалық қарау үшін патрульдік қызметтерді бағдарлай отырып, алдын алу шараларын қабылдасын.
3. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп:
1) ірі елдімекендерге, сондай-ақ ауылдық округтерге жақын жерде коммуналдық жағажайлар санын көбейту;
2) елдімекендерде, жеке және мектеп лагерлерінің жанындағы коммуналдық жағажайларға жақын жерлерде балаларды шомылуға үйрететін қауіпсіз стационарлық қаңқалы-модульді бассейндер орнату;
3) балаларды сауықтыру ұйымдарында, соның ішінде орман өрттері кезінде оттың жайылуына қарсы қорғалған минералдандырылған жолақты пайдалану арқылы (ені кемінде 4 метр) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметіне қоғамдық мониторинг ұйымдастыру;
5) интерактивті сабақтар, тұрғындармен жиналыс және т.б. өткізу арқылы жазатайым жағдайлардың алдын алу жұмыстарын күшейту үшін шаралар қабылдасын.
Білім және ғылым министрлігі жоғарыда көрсетілген барлық тапсырмалар бойынша а.ж. 20 шілдеге жиынтық ақпарат ұсынсын.
Сіздің қарауыңызға енгізіледі.