Жас мұғалімге арналған жаднама » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жас мұғалімге арналған жаднама
13
апрель
2020

Жас мұғалімге арналған жаднама

Жас мұғалімге арналған жаднама

1. Сынып бөлмесіне қоңыраудан сәл ертерек келіңіз, бөлмені желдетіп алыңыз, сабаққа бәрі дайын екендігіне, жиһаздың дұрыст ұрғандығына, тақтаның тазалығына, білім берудің техникалық құралдарының, көрнекі құралдардың дайын екеніне көз жеткізіңіз. Электрондық журналға жазба жазыңыз. Үзіліс кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, сынып бөлмесінде тәртіпті сақтаңыз. Сабаққа кіруге қоңырау соғылған кез-
де барлық оқушыны сізді ұйымдасқан түрде қарсы алуға үйретіңіз. Сыныптағы балалардың сабаққа дайындығын (оқулығының, оқу құралдары, дәптерлерінің болуын) тексеріңіз. Оқушыларға сабақты ұйымдастырылған түрде бастаудың әдемілігін және тартымдылығын көрсетуге тырысыңыз, әркезде бұл үшін барынша аз уақыт жұмсауғат ырысыңыз.
2. Оқулықтағы парақты іздеуге уақытты босқа жұмсамаңыз, оны үзіліс кезінде дайындауға болады.
3. Сабақты жігерлі түрде бастаңыз. «Үй тапсырмасын кім орындамады?» деген сұрақ қоймаңыз. Бұл оқушыларды үй тапсырмасын орындау міндетті емес деген ойға алып келеді. Сабақты үнемі әрбір оқушы бос отырмайтындай етіп жүргізіңіз. Есіңізде болсын: кідірістер, жайбасарлық, қолбостық–тәртіпсіздіктің соры.
4. Оқушыларды материалдың қызықты мазмұнымен, проблемалық жағдайлар туғызумен, ойлау қабілеттеріне күш түсірумен қызықтырыңыз. Сабақтың қарқынын қадағалаңыз, әлсіздерге өз күшіне сенуіне көмектесіңіз. Бүкіл сыныпты назарда ұстаңыз. Әсіресе назары тұрақсыз, алаңдап отыратын оқушыларды қадағалаңыз. Жұмыс тәртібін бұзу әрекеттерін болдырмаңыз. Сабақта міндетті түрде жеке жұмыс ұйымдастырыңыз.
5. Сабақ үстінде басқа іспен айналысып отыратын оқушыларға жиі өтініш жасаңыз, сұрақтар қойыңыз.
6. Оқушылар бағалау критерийлерін білуі керек, жауапты әділ түрде өзінше бағалай алуы және сыныптастарының жауаптарын бағалай алуы керек. Толық жауап беруін, тақта алдындағы жұмысына түсінік беруін талап етіңіз. Білім бағаланатынына ынталандыра отырып, өз сөзіңізге іскерлік, қызығушылық сипат беріңіз. Оқушыға жоғары баға алу үшін не істеу керектігін айтыңыз.
7. Сабақты рефлексиямен аяқтаңыз. Оқушылар өз еңбегінің нәтижесіне қанағаттансын. Тәртібі нашар балалардың жұмысынан жағымды жақтарды байқауға тырысыңыз, алайда мұны сәл ғана жетістіктері үшін және жиі жасамаңыз.
8. Сабақты қоңырау соғылған кезде аяқтаңыз. Кезекшінің міндеттері туралы еске салып қойыңыз.
9. Артық ескертпелерден аулақ болыңыз.
10. Оқушылар тәртіпсіздік танытқан жағдайда өзгелердің көмегінсіз түзетуге тырысыңыз. Есіңізде болсын: тәртіпті біреудің беделі арқылы орнату сізге пайда әкелмейді, керісінше, зиянын тигізеді. Қолдау үшін сыныпқа жүгініңіз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив