20
октябрь
2020
"Мектепке жол" акциясы
Жақсылық жасауға асығайық!
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән қасиет. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.
Жаңа оқу жылы қарсаңында, Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦИК ауылы №42 орта мектебінде республикалық дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы өз жалғасын тапты.
Әлеуметтік бағыттағы бастаманың басты мақсаты: аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы балаларына көмек қолын созу, қолдау көрсету.
Аталмыш акция аясында 19 бала аяқ киім, 11 бала оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, өз кезегінде мектеп әкімшілігінен бастап, әр бір бірлестік жоғарыда көрсетілген отбасы балаларының қашықтықтан оқудағы дайындығын нығайту жолында 8 ұялы телефон тарту етті. Осы тұста 3 оқушымызға ұялы телефон сыйлаған КазЦИК ауылдық әкімдігіне, 1 оқушыға спорттық киім, аяқ киім, мектеп- құрал жабдықтарын сыйлаған ТОО Эмкор Спешиелти Картонз генеральный директоры Саканов Жигер мырзаға, кәсіпкерлер палатасының Іле ауданы бойынша филиалының директоры Туралыков Ержан Еркенұлына №42 орта мектебі ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.
Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы 30-қыркүйекке дейін өз жалғасын табады. Жомарт жандар үшін мекен-жайымыз: Б.Сейдалиев көшесі 117
Жақсылық жасауда жарысайық !!!
«№42 орта мектебі»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
әлеуметтік педагогі Карлыгаш Дюсебаева

Теги:
Қайырымдылық