07
февраль
2022
«Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
Алматы облысы Іле ауданы Казцик ауылы «№42 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2022 жылдың 5 ақпан күні «Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер және ата-аналар қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелермен мектеп директоры Р.Байгозова таныстырды. Ең алдымен мектебіміздің психологтары Л.Киставбаева, А.Жаксыбаева «Сіз өзіңізді білесіз бе?» атты тренингті ата-аналармен ұйымдастырды. «Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы» тақырыбындағы баяндамасын 6 «Ә» сынып жетекшісі К.Дуйсебаева слайд арқылы көрсете отырып, іс-тәжірибесін бөлісті. I жарты жылдықтағы оқу-тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары Г.Есболова, Т.Иноятова, А.Шатырбаева, Ж.Байжанова тоқталды. Ата-аналар мектеп өміріне араласып, балаларына дұрыс тәлім-тәрбие бергені үшін алғыс хатпен марапатталды. Ағымдағы мәселелерде ата-аналар өз ойларын ортаға салды.



