14
февраль
2022
М. Мақатаевтың туған күніне орай «Бүгін менің туған күнім ой, пәлі-ай» атты рухани, әдеби сазды кеш
«Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай» - деп ақын жырлағандай 08.02.2022 жылы Іле ауданы Казцик ауылы№42 орта мектебінде сыршыл ақын, мұзтаудың мұзбалағы М. Мақатаевтың туған күніне орай «Бүгін менің туған күнім ой, пәлі-ай» атты рухани, әдеби сазды кеш өтті. Кештің басты мақсаты ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну болды.
Кешке қонаққа Казцик ауыл тұрғындары, ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналар, мектебіміздің ұлағатты ұстаздары келіп, жалынды жастардың өнерін тамашалап, ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін білдірді. Кештің басты қонағы Қазақ мәдениетінің қайраткері, кино және театр актері Құдайберген Қайрат Жолдыбайұлы келіп ақын өлеңдерін оқып, естеліктерімен бөлісті.
Мектебіміздің басшысы Раушан Иембергенқызы бастаған ұжымға ауылымыздың ардагерлері алғыс білдіріп, ақын шығармашылығынан шашу шашты және мектебіміздің ардақты ұстазы директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Гүлсара Әмірқұлқызы өз шығармашылығынан «Асқар тау» атты жүрекжарды туындысын ақын рухына арнады.
Мектеп оқушылары ақынның әндерін орындап, поэзияларын оқығанда қонақтардың рухани ләззат алғандығы, жүректерінің тебіренгендігі қошеметтерінен байқалды. Алда тағы да осындай жастарды ұлтжандылыққа, ел сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелейтін іс-шаралар көбінен бола берсе деген ұсыныстары да болды.
Кеш соңында қонақтар кеш ұйымдастырушыларына, яғни музыка пәні мұғалімі Ақылбек Жаңабаевқа, директордың тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары Жазира Мейрамбекқызына, кітапханашы
Ақбота Амангелдіқызына, педагог ұйымдастырушы Сафура Омарбекқызына, жүргізуші Абзал Жаңабаевқа үлкен алғыс білдірді.