“ Талаптан да, білім мен өнер үйрен” атты тақырыпта 4 сыныптар арасында зияткерлік сайыс өтті. » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ Талаптан да, білім мен өнер үйрен” атты тақырыпта 4 сыныптар арасында зияткерлік сайыс өтті.
14
март
2022

“ Талаптан да, білім мен өнер үйрен” атты тақырыпта 4 сыныптар арасында зияткерлік сайыс өтті.

Алматы облысы Іле ауданы Казцик ауылы
# 42 орта мектебі 09.03 күні 2022-жыл Балалар жылы аясында өткен “ Талаптан да, білім мен өнер үйрен” атты тақырыпта 4 сыныптар арасында зияткерлік сайыс өтті.

Мақсаты:
Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың білімдері жинақталады. Оқушылардың білім алуға деген құштарлығы артады.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге дағдыланады, ұйымшыл болуға тәрбиеленеді.
Түрі: зияткерлік ойын-сайыс

Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер, ұстаздар, оқушылар
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.

Өзара топ басшысын таңдайды. «Білімділер», «Ойшылдар» , «Тапқырлар» , «Алғырлар» , «Қырандар» , (топтың атауын беру,орындарына орналастыру)
- Ал, құрметті оқушылар, осы уақытқа дейінгі алған білімімізді топ болып, жан аямай ортаға салайық
Ойын кезеңдерімен таныстыру. 6 айналымнан тұрады.
1. Тездет, бірақ қателеспе
2. Тапқырлық
3. Тіл өнері
4. Ғажайып төрттік»
5. Тапқырлық
6. Талапкер
7. Айшықты сөз

1-ші кезең
«Тездет, бірақ қателеспе!»-ауызша
Әр топқа 4 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 4 ұпай беріледі. 5топтың да жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.

1) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: ( Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
2. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
3) Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың несі деп аталады. (құны)
4) Судың қанша күйі бар? (3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)
5) Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? ( Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)
6) 240 минутта қанша сағат бар. (4 сағат)
7) Бесінші сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші)
😎 Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді? (сынын , сапасын)
9) 9 бен 4 – тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36)
10) Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

Тапқырлық-тест-топқа
1. Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.(жоқ. кім? не?)
2. Ұзындық өлшем бірліктерін ата (мм, см, дм, м, км)
3. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы қалай аталады?(Аңыз)
4. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесін қалай атаймыз ?.(карта)
5. 45 - тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең.(жоқ. 9 - ға.)
6. Үш биді ата.( Олар Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би)
7.Заттыі қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы (етістік)
8. Адам денесінің тірегі бас.(жоқ. қаңқа)
9. Шаршы дегеніміз не?( барлық қабырғасы тең төртбұрыш.)
10. Абылай ханға Төле бидің қойған аты (Сабалақ)

3-ші кезең «Тіл өнері»

Бұл турда оқушыларға 14 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты екі тiлде яғни, қазақ,орыс, ағылшын тiлiндегi аудармаларын айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.

1. Қолымды 4 алма,
Табақта 4 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? Жауабы: бес – пять — five
2. Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже – бабушка — grandmother

3. Сылдыр сұйық, су емес ,
Iшсең шөлiң қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт – молоко — milk

4. Аң патшасы? Жауабы: арыстан – лев – lion

5. Жылы киім тон
“Т” алып тастап
Не деп айтқан жөн? Жауабы: он – десять –

6. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга – book

7. Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа – sсhool

8. Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа – sсhool

9. Алуан түрлі із салғанмен,
Өзінен де пайдалысы – өзегі. Жауабы: қарындаш – карандаш – реncil

10. Тіл ұшында уы бар
Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан – змея – snake

11. Тәтті жеміс? Жауабы: алма – яблоко — apple

12. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? Жауабы: жеті – семь — seven

13. Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған? Жауабы: ана – мама – моther

14. Алманың түсі? Жауабы: қызыл– красный – red

4-ші кезең: «Ғажайып төрттік»
Бұл тур бойынша ұпай санын (30,40,50) таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.
Қазақ тілі
30. Б,в,г,ғ,д,ж,з дауыссыз дыбыстарды қай түпіне жатады?
Жауаптары: А) қатаң Б) ұяң В) үнді
40. Тасымалданбайтын сөзді тап:
Жауаптары: А) асық Б) шағала В) жылқы
50. У дыбысы дауысты болып тұрған сөзді тап:
Жауаптары: А) ауа Б) уақыт В) көшу
Әдебиеттік оқу.
30. “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің авторы кім?
Жауаптары: А) А.Байтұрсынұлы Б) Ы. Алтынсарин В) А.Құнанбайұлы
40. Ахмет Байтұрсынұлының “Балықшы мен балық” шығармасы қандай әдеби жанр түріне жатады?
Жауаптары:А) Аңыз Б) Өтірік өлең В) Ертегі
50. Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең қалай аталады?
Жауаптары:А)Жұмбақ Б)Жаңылтпаш В)Мақал
Математика.
30. 1 дециметрде (дм) неше сантиметр (см) бар?
Жауаптары: А) 10 см Б) 1 см В) 100 см
40. 8 — х = 6 қандай өрнек?
Жауаптары: А) әріпті өрнек Б) санды өрнек В) теңдеу
50. 1 метрде (дм) неше сантиметр (см) бар?
Жауаптары: А) 10 см Б) 1 см В) 100 см
Дүниетану.
30. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?
Жауаптары: А) 3 Б) 5 В) 4
40. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады?
Жауаптары:А) тамыр Б) сабақ В) жапырақ
50. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?
Жауаптары: А) Сағат Б) Құбылнама В) План


5– кезең: «Тапқырлық»
Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.
Уақыты 1 минут.
Қ А З А Қ С Т А Н
Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас.

6-кезең-Талапкер

Ойынымыздың соңғы айналымы «Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.
«Кубизм» әдісі бойынша 1,2,3 деген сандардың бірін таңдату арқылы тапсырманы орындату

1. ... өріп тараған,
... қараған.
Құрт пен майын жинаған,
... сыйлаған.

2. ... қошақан ,
... қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан,
... аумайды.

3. ... бала әрқашан,
Қуантады ... .
Құлыным деп анасы,
... баласын.

Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу

7- кезең «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз әдебиеттік оқу пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)

Қорытынды: әділ-қазылар алқасына сөз беріліп, жеңімпаз топ анықталады. Марапатталады.

Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман – есен болыңдар.

I-орын Тапқырлар тобы
II-орын Алғырлар тобы
III-орын Қырандар тобы












Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив