11
апрель
2023
ата-аналар жиналысы
2023 жылдың 10 сәуір күні жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, Іле ауданы АІІБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы, полиция капитаны Д.Тұрлыбеков, полиция аға лейтенанты Д.Ускембаев және сынып жетекшілер, ата-аналар қатысты. «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 05 сәуірдегі №449 бұйрығына сәйкес соңғы уақытта оқушылар арасында үйден себепсіз кетіп қалу фактілері бойынша ата-аналар жауапкершілігі туралы сөз қозғалды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Есболова қауіпсіздік туралы түсіндірді.