19
апрель
2023
«Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы
2023 жылдың 18 сәуір күні «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, ардагер ұстаз, қоғамдық кеңес мүшесі, Казцик ауылының қоғам белсендісі Баян Топаровна, ата-аналар комитетінің төрайымы Умирбекова Тұрсын Тазабекқызы, қамқоршылық кеңес мүшесі Абдыхадырова Лаззат Абдыхадырқызы қатысты. Қазіргі таңда болып жатқан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есболова Гүлсара Әмірқұлқызы мектеп ережесіне тоқталды.