1 маусым-Балаларды қорғау күні! » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 маусым-Балаларды қорғау күні!
05
июнь
2023

1 маусым-Балаларды қорғау күні!

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
 Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар,
 
 Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
 Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
 Алдыменен алайық амандасып,
 Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
 
 Жүргізуші
Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар,бүлдіршін балалар!

Сүйкімділер, періштелер сендерсіңдер,

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Ия, рас, бала болған бәрі де,

Салған олар балалықтың әнін де.

Бала кезін еске алып отырсақ,

Сол емес пе тіршіліктің мәні де!-дей келе,

1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жазғы мектепішілік 

 салтанатты жиынымызды тамашалауға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
 Баршамызды бала тілмен баурайтын,
 Бала деген бір бақыт қой самғайтын
 Ата - ананың арманы мен тілегін,
 Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
 Сүйкімді періштелер сендерсің
 Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
 Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
 Ең алдымен балалықты меңгерсін.

 Ән :«Ел тілегі» 

Орындайтын : 4 сынып оқушысы Тілебалды Аяна
 

 
Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз,

Жоғалмасын ешқашан берекеміз.

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,

Құтты болсын,балалар мерекеміз!

1-маусым 1950 жылдан бастап – Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап өтіліп келеді. Бүгінгі 1-маусым Балалар күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шарамызды  ашып беру үшін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді мектеп директоры Байгозова Раушан Иембергеновнаға  береміз.




Ән: Қазақстан  

Орындайтын: 4  сынып оқушысы  Нүсіпжан Айару

Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
 Көркейтер күніңді ертеңгі,
 Үйренген өнерін көрсетсін
 Бүлдіршін балалар белсенді.
 Ендігі кезекті  бүлдіршіндеріне берейік.

1 сынып оқушыларының тақпақтары 


Би: 5  сынып оқушылары  «Қуыршақ» биі
 
 


 Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,
 Салған олар балалықтың әнін де.
 Бала кезін еске алып отырсақ,
 Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, балаларымыз   бірге ойынын ойнайық.
 
 Ойын: «Кім жылдам» Шарты: Ата-аналар өз баласына бір әріптен еркелету айтып бірінші жету керек.

Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
 Маусымның таңы атты
 Тұра қойшы күнім – деп,
 Анаң сені оятты –
 Даналардың тілегі,
 Балалардың тілегі
 Ауырмасын ешқашан
 Аналардың жүрегі

Ән:  Ана туралы  жыр 

Орындайтын:  3  Д сынып Балғани Аян


Ойын: «Кім жылдам?»  4 окушы шығады   Екі қолды артына ұстап, стаканға шарды үрлеп партадан келесі партаға апару керек. Кім көп жинайды сол жеңімпаз 






Би: Мысықтар биі 

Жүргізуші -Балалар,кімнің ойы ұшқыр,жүйрік екенін білу үшін жұмбақтар шешейік:

1.Аспандағы алып доп, Жарқырайды жарық боп. (Күн)

2.Ішін желмен толтырдым,Қуалап жүріп болдырдым.(Доп)

3.Арлы – берлі қақпаны, Тербетіп – ақ жатқаны. (Жел)

4.Қысбойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. (Аю) 



Күй : 4 В  сынып оқушылары 

Би : Мектеп вальсі  4  А сынып оқушылары 

Қымбатты бүлдіршіндер және  ата-аналар,  Мереке тағы да құтты болсын . Бұлтсыз күн, ашық аспандай , нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балдырғандарымыз бейбіт өмір сүрсін. 


Хор : Әрқашан күн сөнбесін! 


 
Осымен балаларыңыздың сіздерге арнаған мерекелік концерті аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив