“Мұқағали-мәңгілік жыр” атты аудандық семинар » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мұқағали-мәңгілік жыр” атты аудандық семинар
07
февраль
2025

“Мұқағали-мәңгілік жыр” атты аудандық семинар

06.02.2025 жыл күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында А.Тоқпанов ауылдық округінің №42 орта мектебінде “Мұқағали-мәңгілік жыр” атты аудандық семинар өтті. Семинар №6,31.42 орта мектебінің кітапханашылары, А.Тоқпанов атындағы мектеп театры, музыка пәнінің мұғалімі Қ.Дуйсебаеваның ұйымдастыруымен, ұстаздар мен білім алушылардың қатысуымен аудандық семинар өткізілді. Келген қонақтарға жағымды көңіл күй сыйлау мақсатында мектеп психологтары Э.Сатаева мен Г.Райс «Қалың қалай?» психологиялық тренингін өткізді. Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектебінің кітапханашысы Г.Майнашева «Ақсүйек, шаңырақ» ойынын ұйымдастырды. №42 орта мектебінің А.Тоқпанов атындағы мектеп театрының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың «Соғыстың соңғы көктемі» шығармасы желісінде сахналық қойылым қойылды. Қойылымға №42 орта мектебінің мұғалімдері мен білім алушылары тартылды. “Мұқағали- мәңгілік жыр” атты  аудандық  семинарды ұйымдастырушы «6,31,42» орта мектебінің кітапханашыларын  М.Мақатаевтың өлеңіне жазылған, Тұрсынжан Шапайдың әніне жазылған, «Туған өлке» әнін орындады. №42 ОМ «Балдырғандар» тобының орындауында М.Мақатаевтың сөзіне жазылған, Н.Тілендиевтың әні «Құттықтаймын мама туған күніңмен» әнін тамаша орындап, қошеметке ие болды. Мектеп білім алушылары ақынның поэзиясын оқыды. Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Таменова Клара Зейнолдақызы орыс сыныптарының шәкірттерімен «Келіншек» күйін орындады. №42 орта мектебінің бишілері  «Сақ» биімен көрермендерге керемет әсер қалдырды. Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектебінің 4 «Б» сынып оқушысы Сундикова Анастасия «Мен деп ойла» әнін шырқады. Музыка пәнінің мұғалімі Қ. Дуйсебаеваның жетекшілігімен 5-6 сыныптардан құралған «Балауса» вокалды тобы “Қайран Қарасазым”, «Саржайлау»  әндерін хормен орындап, тамаша өнер көрсетті.
Хан Тәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толуына орай ұйымдастырылған  “Мұқағали-мәңгілік жыр” атты аудандық семинар соңында келген қонақтар, аудан кітапханашылары семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, ұжымға алғысын айтты.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив