28
март
2023
«Білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің бағыттары»
Алматы облысы Іле ауданы Казцик ауылы «№42 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2023 жылдың 9 наурыз күні Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің бағыттары» тақырыбындағы семинар- практикумға облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ахын Сейсекеұлы, Іле ауданы бойынша білім бөлімі оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Зарина Бақытжанқызы және Іле, Қарасай, Жамбыл ауданы бойынша білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинардың «Шебер сынып алаңы» бөлімінде «Адамгершілік- асыл қасиет» атты тәрбие сағаты 3 сынып жетекшісі А.Бекишева, «Рухы биік халықтың тарихы мәңгілік» атты тәрбие сағаты 5 сынып жетекшісі Б.Дусипова, «Мамандық таңдау-ең маңызды мәселе» атты тәрбие сағатын 9 сынып жетекшісі Қ.Туркистанова көрсетті.
http://42-ileaud.mektebi.kz/uploads/posts/2023-03/1679975942_whatsapp-image-2023-03-28-at-09_45_03-1.jpeg
[]http://42-ileaud.mektebi.kz/uploads/posts/2023-03/1679975905_whatsapp-image-2023-03-28-at-09_45_03.jpeg[/]
[]http://42-ileaud.mektebi.kz/uploads/posts/2023-03/1679975905_whatsapp-image-2023-03-28-at-09_45_03.jpeg[/]