26
май
2023
"Мектеп формасының талапқа сай орындалуы» тақырыбында ата-аналарға арналған семинар
Мектебімізде «Мектеп формасының талапқа сай орындалуы» тақырыбында ата-аналарға арналған семинар өтті. Семинарға мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, 1-10 сыныптың ата-аналары қатысты. Семинар 4 «Б» сынып оқушысы Ұ.Кенжебек орындауында «Қазақстан» әнімен ашылды. Келесі кезекте мектебіміздің психологы А.Жақсыбаева психологиялық тренинг өткізеді. «Ата-аналардың көзқарасы» тақырыбындағы ток-шоу тартымды өтті. «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігін арттыру» тақырыбындағы пікірсайыс 10 сыныптың оқушылары мен ата-аналар арасында ұйымдастырылды. «Мектеп өмірінен» атты көріністі 9 сыныптар қазіргі өмірмен байланыстыра білді. Семинар соңында келесі жаңа оқу жылында киетін мектеп формасы үлгілерін көрсету мақсатында «Мектеп формасы» дефилесін 1-10 сынып оқушылары көрсетті. Қорытынды сөз кезегін мектеп директоры Р.Байгозова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Есболова алып, өткізілген семинар бойынша өз ойларын ортаға салды.