Іс-шаралар » Страница 12 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мектеп кітапханасымен танысу»
10
февраль
2026
«Мектеп кітапханасымен танысу»
№42 орта мектеп кітапханасында балабақша тәрбиеленушілеріне арналған«Мектеп кітапханасымен танысу» танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер кітапхананың жұмысымен танысып, кітаптарды қалай дұрыс ұстау керектігін, оқырман болу ережелерін үйренді. Балаларға қызықты кітаптар мен ертегілер көрсетіліп, оқуға деген қызығушылықтары артты. Бұл шара балдырғандарды кітапты сүюге, білімге құштар болуға баулуға бағытталды 📚✨
" Туған өлке- тұнған тарих" жобасы
10
февраль
2026
" Туған өлке- тұнған тарих" жобасы
Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігінің " Туған өлке- тұнған тарих" жобасы аясындағы жоспар бойынша 04-ақпан күні 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен " Асқар Тоқпанов тұлғасы" тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді. Іс-шараның мақсаты- қазақ театр өнерінің көрнекті өкілі, актер, режиссер, педагог А.Тоқпановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын таныстыру, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру  және ұлттық мәдени құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Жобаға қатысқан оқушылар мақтау қағазымен
«Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі — Мұқағали» атты іс-шара
07
февраль
2026
«Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі — Мұқағали» атты іс-шара
10 «Б» сыныбы мен Балалар кітапханасы жобасы аясында «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі — Мұқағали» атты әдеби-танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен тереңірек таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармалары туралы мәлімет беріліп, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Сонымен қатар, М.Мақатаев мұражайына виртуалды саяхат жасалып, оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасымен
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара
07
февраль
2026
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара
Балалар кітапханасы жобасы аясында 06.02.2026 жылы 9 «Ж» сыныбымен Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармаларымен таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
«Жас сайлаушылар» клубы
04
февраль
2026
«Жас сайлаушылар» клубы
Асқар Тоқпанов ауылдық округінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық белсенділігін қалыптастыру мақсатында «Жас сайлаушылар» клубы өз жұмысын бастады. Клубтың ашылуы аясында «Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында қатысушыларға еліміздегі сайлау жүйесінің құқықтық негіздері, сайлау түрлері, сайлау қағидаттары, азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының
Кәсіби бағдар беру бойынша
04
февраль
2026
Кәсіби бағдар беру бойынша
2026 жылғы 04 ақпан күні мектебімізде 9 сынып білім алушыларына арналған кәсіби бағдар беру бойынша «Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі» ҚМҚК-нен мамандар арнайы келіп түсіндірме жұмысы жүргізілді.  Кәсіби бағдар жұмыстарын колледждің өндірістік оқыту шеберлері Муфтигазин Сырым және Бақбергенов Абыл жүргізді. Кездесу барысында 9-сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар, оқуға түсу талаптары, оқу барысы және энергетика мен электронды технологиялар саласындағы
“Бақыт деген – сенің бала күндерің” тақырыбында мектепішілік іріктеу кезеңі
02
февраль
2026
“Бақыт деген – сенің бала күндерің” тақырыбында мектепішілік іріктеу
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы қарсаңында 1–4 сынып білім алушылары арасында “Бақыт деген – сенің бала күндерің” тақырыбында мектепішілік іріктеу кезеңі өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа Мұқағали поэзиясының терең мәнін танытып, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Құндылыққа бағытталған 50 мектеп жобасы
02
февраль
2026
Құндылыққа бағытталған 50 мектеп жобасы
Құндылыққа бағытталған 50 мектеп жобасы аясында «Жас Leaders» жас мамандар мектебінің жобасы негізінде құрылған жоспарға сәйкес жас мамандар арасында «Smart Move» дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстел пікірталас форматында жүргізілді. Ұстаздарға «Smart Move» деген не екені айтылып, қысқаша анықтама берілді. Қатысушылар өз бастарынан өткізген кішкентай, бірақ ақылды шешімдерімен бөлісті. Пікірталас «Smart move vs Ескі тәсіл» (салыстырмалы формат) тақырыбының аясында өткізілді. Қатысушылар білім
“Атадан қалған асыл сөз" жобасы
02
февраль
2026
“Атадан қалған асыл сөз" жобасы
“Атадан қалған асыл сөз жобасы аясында” қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен қаңтардың отызыншы жұлдызында  жаңа бір рухани кеңістіктің – кітап оқу 📖“Жан азық” 📚клубының тұсауы кесілді. Клубтың ашылудағы мақсаты педагогтердің кітап оқу мәдениетін дамыту, кәсіби және тұлғалық өсуіне ықпал ету, шығармашылық ойлау мен пікір алмасу ортасын қалыптастыру. Кітап – ойды тереңдетіп, көзқарасты кеңейтетін, адамды адамға жақындататын құндылық. Осы клубта біз тек кітап оқып қана
"Заң және тәртіп - қауіпсіз қоғамның кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты
28
январь
2026
"Заң және тәртіп - қауіпсіз қоғамның кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты
<<Заң мен тәртіп>> айлық жоспар аясында 10 "В"сынып білім алушылармен, АӘД пәні мұғалімі Н.Мырзахмет"Заң және тәртіп - қауіпсіз қоғамның кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты:оқушыларға заң мен тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сана мен жауапкершілік деңгейін арттыру, сондай-ақ жеке тұлғаның қоғамдағы орны мен заң алдындағы міндеттерін айқындау. Сонымен қатар, жас ұрпаққа құқық бұзушылықтың алдын алу мен заңды құрметтеудің мәнін ұғындыру арқылы олардың қоғамда