Іс-шаралар » Страница 14 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қоғамдық тәртіп — қауіпсіз өмір негізі»
15
январь
2026
«Қоғамдық тәртіп — қауіпсіз өмір негізі»
📚⚖️ «Заң мен тәртіп» айы аясында мектебімізде Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Қоғамдық тәртіп — қауіпсіз өмір негізі» тақырыбында пікірталас өткізілді. 🗣️ Пікірталас барысында оқушылар қоғамдық тәртіптің маңызы, қауіпсіз орта қалыптастыру және әр азаматтың жауапкершілігі туралы өз ойларымен бөлісті. ✨ Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталды.
«Мектеп формасы мен жауапкершілік – табыстың кілті»
15
январь
2026
«Мектеп формасы мен жауапкершілік – табыстың кілті»
2026 жылдың 15 қаңтар күні “Заң мен тәртіп” айы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу және білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мектеп директоры Г. Сагимбекова 5–11 сынып білім алушыларымен мектеп формасын сақтау, мектепішілік ережеге бағыну, сабаққа кешікпеу және себепсіз сабақтан қалмау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Білім алушыларға мектепішілік тәртіп ережелері, білім алушының құқықтары мен міндеттері, сабақ тәртібін сақтамаудың салдары, сондай-ақ
Кәсіптік бағыт-бағдар беру бойынша
15
январь
2026
Кәсіптік бағыт-бағдар беру бойынша
15 қаңтар күні мектебімізге «Аяжан» медициналық колледжінен мамандар келді. Мамандық өкілдері 9-сынып оқушыларын медицина саласындағы мамандықтармен таныстырып, оқу орнына түсу шарттары, білім беру бағдарламалары және болашақтағы еңбек мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
«Кәсіби бағыт-бағдар: мамандыққа алғашқы қадам»
13
январь
2026
«Кәсіби бағыт-бағдар: мамандыққа алғашқы қадам»
2026 жылғы 13 қаңтар күні мектепте кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары аясында «Халықаралық Қазақ–Қытай тілі» колледжінің мамандарының қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға колледжде дайындалатын мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, қабылдау ережелері, сондай-ақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Іс-шараға 9–11 сынып білім алушылары қатысып, мамандар тарапынан кәсіби өзін-өзі анықтау, мамандықты саналы таңдау бойынша кеңестер алды.
«Жас маманға қолдау, кәсіби өсуге жолдау»
13
январь
2026
«Жас маманға қолдау, кәсіби өсуге жолдау»
09.12 күні аймақтық «Жас маманға қолдау, кәсіби өсугежолдау» атты семинары өтті. Семинарда жас мамандар белсене ат салысты. Ж.Байдани, М.Роматова шебер сынып өтті. С.Байжұма, А.Егімбай психологиялық ахуал өткізді. Мектеп директоры Г.Сагимбекова мен жас мамандар жетекшісі Л.Киставбаева жас мамандар мектебімен таныстырды. А.Абдикеримова мен Р.Тажимурат ашық сабақ өтті.
"Заң мен тәртіп" айында өткізілген сынып сағаттары
13
январь
2026
"Заң мен тәртіп" айында өткізілген сынып сағаттары
«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектептің тәрбие жоспарына сәйкес 1–11 сынып білім алушыларымен сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – білім алушыларға құқықтық тәрбие беру, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушыларға заң талаптары, мектеп ішкі тәртіп ережелері, құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар өмірлік жағдаяттар
"Заң және тәртіп"
12
январь
2026
"Заң және тәртіп"
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» айлығы аясында білім алушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  
А.Тоқпанов ауылдық округі әкімінің шыршасы
12
январь
2026
А.Тоқпанов ауылдық округі әкімінің шыршасы
Іле ауданы А.Тоқпанов ауылы N42 орта мектебінде жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау, қамқорлық пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау, балаларды қуанышқа бөлеу арқылы олардың білімге деген ынтасын арттыру мақсатында Іле ауданы А. Тоқпанов ауылының әкімі Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлы және Іле аудандық мәслихат төрағасы Карибаев Мұхит Бахытұлы жаңа жыл мерекесі қарсаңында мектебіміздің білім алушыларымен жүздесіп, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Ізгі ниетпен
"Әжелер мектебі"
08
апрель
2025
"Әжелер мектебі"
Алматы облысы, Іле ауданы А.Тоқпанов ауылы "№42 орта мектебі"  мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып бірлестігінің "Салт-дәстүр рухани дамудың қайнар көзі" атты жобасы аясында 04.04.2025 күні "Әжелер мектебі" өтті. Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, оқушыларымыздың бойына құндылықтар негізінде білім, білік дағдыларын қалыптастыру.  "Әжелер мектебі" жобасы, "Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбиенің ұясы" атты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шараға  38 әжеміз