03
июнь
2022
"Дарынды балалар - ұлт болашағы" дарындылар шеруі
24.05 күні #42 орта мектебінде дарынды балаларды дәріптеу, оларды жігерлендіру, шығармашылығын шыңдау мақсатында "Дарынды балалар - ұлт болашағы" атты іс-шара өтті. Аталмыш іс-шара барысында 2021-2022 оқу жылында аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі әр түрлі сайыстарда, әдеби оқулар, олимпиада мен ғылыми жоба, сондай-ақ, спорт саласында жүлделі орын алған білім алушылар жетекшісімен бірге марапатталды. Сонымен қатар, ағымдағы оқу жылында кәсібилігін дамыту мақсатында түрлі сайыстарға қатысып, жетістікке жеткен ұстаздарды да марапаттап, сый-сияпат көрсетілді. Мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып, өзін-өзі басқару ұйымдарында өзін оң қырынан көрсете білген белсенді оқушылары да назардан тыс қалмай, мектеп директорының арнайы алғыс хаты табысталды.







