16
февраль
2026
«Мен сенің досыңмын» психологиялық тренинг
Ағымдағы жылдың 13 ақпанында А. Тоқпанов ауылдық округінің №42 орта мектебінде 5 сынып білім алушыларымен «Мен сенің досыңмын» тақырыбында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен тренинг өткізілді. Оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық пен қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру, сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Тренинг барысында оқушылар «Сәлемдесу – сағат тілімен», «Ең-Ең жылы қасиеттер» «Кім жылдам» жаттығулары арқылы бір-біріне жағымды пікір айтып, сенім мен қолдау атмосферасын қалыптастырды. Балалар «Мен сенің досыңмын, себебі…» сөйлемін жалғастыру арқылы сыныптастарының жақсы қасиеттерін атап өтті.Тренинг соңында рефлексия жүргізіліп, оқушылар достықтың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Нәтижесінде оқушылардың бір-біріне деген құрметі артып, ұжымдық бірлік пен ынтымақтастық нығая түсті.