04
апрель
2026
«Құндылыққа бағдар: ізденістен – өзгеріске» тақырыбында семинар-практикум
2026 жылдың 27 наурыз күні Алматы облысы, Іле ауданы, №42 орта мектебінде халықаралық деңгейде «Құндылыққа бағдар: ізденістен – өзгеріске» тақырыбында семинар-практикум өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – құндылыққа бағдарланған білім беру тәсілін тиімді іске асыру, жобалық менеджмент негізінде оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ету.
Семинарға шетелдік және отандық педагогтер, білім беру ұйымдарының өкілдері, әдіскерлер мен мұғалім келді. Атап айтсақ, Монголия Республикасы Баян-Өлгий аймағынан азаматтар Құрылтайының Төрағасы- Алданыш Ұлы Бегарыс.
Түркия Республикасының Ескишехир Османгази Университетінің профессоры -Эрдоган Метин,
АҚШ, Fullbright. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, ағылшын тілі оқытушысы- Амелия Хандсман (Amelia Huntsman) , Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Шетел тілдері және аударма кафедрасының меңгерушісі - Сеитова Гаухар Аманжоловна,SDU университетінің қауымдастырылған профессоры - Алимов Асхат Қамзаұлы қатысты