Біз туралы » Страница 19 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
10-11 сынып білім алушыларымен профориентолог жұмысы
13
февраль
2025
10-11 сынып білім алушыларымен профориентолог жұмысы
17.01.2025 күні №42 орта мектебінде 10-11 сынып білім алушыларымен профориентолог жұмысы жүргізілді. Профориентолог ретінде “DARYN ONLINE“ негізін қалаушыларының бірі, “DARYN ONLINE“ компаниясының экс креативті директоры, “Bugin association” төрағасы Әлібек Қайратұлы бас спикер болды! Шара жоғары деңгейде өтті! Білім алушылар мен мұғалімдер тарапынан оң пікірлер, жақсы кері байланыстар болды! Алдағы уақытта  42 орта мектебі Әлібек Қайратұлымен тығыз қарым-қатынас жасауға бел буып отыр! Қазіргі
"Жарқын болашақ" олимпиадасы
11
февраль
2025
"Жарқын болашақ" олимпиадасы
Асқар Тоқпанов ауылы №42орта мектептің 7 сынып оқушысы Қызайбай Әбілмансұр облыстық "Жарқын болашақ" олимпиадасының "Әнші бұлбұлдар" бағытынан жүлделі 2 орын иеленді. Жетекшісі Дуйсебаева Қалимаш
“Есіңе мені алғайсың” атты аудандық жарыс
11
февраль
2025
“Есіңе мені алғайсың” атты аудандық жарыс
06.02.2025 Іле ауданы Өтеген батыр кентінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған “Есіңе мені алғайсың” атты аудандық жарыста 11 сынып оқушысы Ербол Айдос “Аягөз ару” атты әнін орындап жүлделі 2 орынға ие болды. Жетекшісі музыка пәні мұғалімі Жаңабаев Ақылбек Сәкенұлы
Дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің отырысы
11
февраль
2025
Дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің отырысы
06.01.2025 жылы Дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің отырысы болып өтті. Отырыс барысында күн тәртібінде бекітілген мәселелер талқыланып үшінші тоқсанға жоспарлар бекітілді
"Дұрыс тамақтану-денсаулықтың кепілі"
04
февраль
2025
"Дұрыс тамақтану-денсаулықтың кепілі"
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығын негізге ала отырып, қамқоршылық кеңесінің 2025 жылға қайта бекітілді. Отырыс барысында мектеп директоры 2023 жылдан бастап жасалған қайырымдылық жұмыстары бойынша, қамқоршылық кеңес мүшелеріне мәлімет берді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері білім беру мекемесінің дамыуына қолдау жасайтыны айтылды. "Дұрыс  тамақтану-денсаулықтың кепілі" демекші мектеп асханасының №64 қаулы бойынша тамақ ішетін оқушылардың ас мәзірі талқыланды.
“Білім сапасын арттыру-оқушы жетістігінің алғы шарты”
04
февраль
2025
“Білім сапасын арттыру-оқушы жетістігінің алғы шарты”
2025 жыл 6 қаңтар күні Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бірлестігінің “Білім сапасын арттыру-оқушы жетістігінің алғы шарты” тақырыбында отырысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Бірлестік жетекшісі Б.К.Иштаева 2-тоқсанның қорытындысына мониторинг жасап таныстырды. Сонымен қатар тоқсан бойы атқарылған шаралар мен байқаулар жеңімпаздарын атап өтті. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен атқарылған шараларға бірлестік мүшелері А.Жаңабаев пен А.Акимбекова талдау жасады. Үйден
Талантты оқушы
03
февраль
2025
Талантты оқушы
Талантымен топ жарып, заман талабына сай қабілеттерді меңгеру арқылы жеңіске ұмтылған дарынды балаларды дайындау жолында білікті ұстаздар аянбай еңбек етуде. Білімге деген сүйіспеншілігін дәлелдеп, 100 дарынды балалар қатарынан табылған 3Б сынып оқушысы Назарбай Ахмад. Жетекшісі Оразханова Жанаргуль Оралхановна.
«Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі
03
февраль
2025
«Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі
«Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңіне қатысқан мектебіміздің 10-11-сынып білім алушылары Малыбай Бақытжан, Ербол Айдос, Алтынбек Алдияр, Ахан Бекасыл, Мухаметхан Ғани сахналық қойылым бағыты бойынша I-орын иеленіп, республикаға жолдама алды.
"MM Publications"баспасы
03
февраль
2025
"MM Publications"баспасы
27.01.2025ж №42 орта мектебінде аудандық ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинар ұйымдастырушысы Іле аудандық Білім бөлімі және "MM Publications" баспасы. Ағылшын тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында, баспа кызметкері Іңжу Закарина және спикер Алишер Райымқұл өз тәжірибесімен бөлісті және сұхбат құрды. Семинарға Іле ауданына қарасты мектептердің ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.
"БЖБ, ТЖБ әзірлеу, ұсынымдар"
03
февраль
2025
"БЖБ, ТЖБ әзірлеу, ұсынымдар"
30.01.2025ж №42 орта мектебінде жас мамандарға әдістемелік көмек беру мақсатында "БЖБ, ТЖБ әзірлеу, ұсынымдар" тақырыбында шебер сынып өтті. Шебер сыныпты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Дусипова, математика пәні мұғалімі Ж.Бексейт өткізді. Сонымен қатар сабаққа байланысты тиімді әдіс - тәсілдермен де бөлісе кетті.