Біз туралы » Страница 20 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халықаралық дефектологтар күні
03
февраль
2025
Халықаралық дефектологтар күні
Халықаралық дефектологтар күніне орай, кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі және әр оқушының тілін таба білген педагогикалық талантымен қоса, қоғамдық белсенділігі үшін №42 орта мектеп арнайы педагогы Мырзакулова Жеңіскул Аңсатбаевна марапатталды.
"Ең үздік бейне сабақ"
03
февраль
2025
"Ең үздік бейне сабақ"
"Ең үздік бейне сабақ" аудандық сырттай байқауында II орынды иеленген №42 орта мектептің арнайы педагогы Мырзакулова Женискул Аңсатбаевна марапатталды.
"ZHAS LEADERS"
17
декабрь
2024
"ZHAS LEADERS"
"Жас LEADERS" жас мамандар мектебінің балалар үйіне барған сәтінен! https://youtube.com/shorts/PnoyMl0NCf4?si=RfgfMDBue1AszhCR
"Абай оқулары" байқауының мектепішілік іріктеу кезеңі
09
декабрь
2024
"Абай оқулары" байқауының мектепішілік іріктеу кезеңі
"Абай оқулары" байқауының мектепішілік іріктеу кезеңі болып өтті. 2—4 сыныптар бойынша 35 оқушы көркем сөз оқып, ән салып сайысқа түсті. Нәтижесінде 6 оқушы ауданға жолдама алды.
«Әбіш оқуларының» Республикалық кезеңі
09
декабрь
2024
«Әбіш оқуларының» Республикалық кезеңі
«Әбіш оқуларының» Республикалық кезеңінен мектебіміздің оқушылары Жолдасбай Әкімбек, Мейрамбек Болыскер, Емілбай Әнуар, Дүйсен Ақбота, Серік Ернұр, Майкопова Алима облыс намысын қорғап, 3 орын иеленді. Жетекшісі: Тусенов Қанағат Октябрьұлы, Коптілеуова Меруерт Бекбосынқызы.
Шебер-педагог Кусайнова Айман Арғынқызы
09
декабрь
2024
Шебер-педагог Кусайнова Айман Арғынқызы
Алматы облысы, Іле ауданы, А. Тоқпанов атындағы №42 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, шебер-педагог Кусайнова Айман Арғынқызы – өзінің кәсіби жолында К.Д. Ушинскийдің: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де жойылады» деген қанатты сөздерін басты ұстаным еткен ұстаз. Айман Арғынқызы қазіргі таңда өз білімін тереңдету мақсатында магистратурада оқып, кәсіби даму мен үздіксіз ізденудің жарқын үлгісін көрсетуде.
Пәндер олимпиадасы
02
декабрь
2024
Пәндер олимпиадасы
Ауыл балаларына арналған жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының Республикалық кезеңінен 3 орын жеңімпазы 11 сынып оқушысы Раматуллаева Қымбат.
«Алтын сақа» республикалық олимпиадасы
02
декабрь
2024
«Алтын сақа» республикалық олимпиадасы
3-4, 5-6-сыныптарға арналған «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. 5-сынып оқушылары Абдуманап Омар 3-орын, Халық Ислам 3-орын иеленді. 6-сынып оқушылары Молдаспан Заңғар 2-орын, Тілеулес Сезім 2-орын дипломмен марапатталды. 3-сынып оқушылары Батырғали Әмір 2-орын, Назарбай Ахмад 2-орын, 4- сынып оқушылары Саду Балжан сертификат, Натей Ибрагим 4-орын иеленіп дипломмен марапатталды.
"МДЖ-тиімді басқарудың тетігі"
02
декабрь
2024
"МДЖ-тиімді басқарудың тетігі"
22 қараша 2024 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы облыстық оқыту семинары "Мектепішілік бақылау:өзекті мәселелер, даму бағдарламасы және ұсыныстар"  №42 орта мектебі директоры Г.Сагимбекова, директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Н.Сейсенбаева "МДЖ-тиімді басқарудың тетігі" тақырыбында шебер сынып өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті.