№42 орта мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы қорытынды аттестатау туралы мәлімет » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №42 орта мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы қорытынды аттестатау туралы мәлімет
28
март
2023

№42 орта мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы қорытынды аттестатау туралы мәлімет

Қорытынды аттестаттау-жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11 сынып білім алушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы. «Білім туралы» ҚР Заңы бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау – білім алушылардың мемелекеттік жалпыға міндетті стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізіледі.11-сынып оқушылары қорытынды аттестаттау барысында бес емтихан,оның ішінде біреуін таңдау бойынша тапсырады.
1.ана тілі және әдебиетінен эссе нысанында жазбаша емтихан
2.алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан
3.Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан
4. орыс тілінен тестілеу
5. таңдау бойынша пәннен (физика,химия,биология,география,дүниежізі тарихы,әдебиет,шетел тілі) тестілеу
Қорытынды аттестаттау бұл мектеп бітіру емтиханы болса,ұбт жоғарғы оқу орнына түсу емтиханы,яғни болашақ мамандығына, келешек өміріне алар жолдамасы ,сондықтан мектеп бітірушілер өздерінің алдындағы міндеттер мен жауапкершілікті сезіну керек.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. Тестілеу арнайы белгіленген оқу орындарының базасында өткізіледі.
Бітіру емтиханы мен ҰБТ тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы бұйрықтарымен (2016 жылғы 8 қаңтардағы № 13 бұйрығы, 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 251 бұйрығы) бекітілген оқулықтары материалдары бойынша іске асырылады.
2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өтеді. Бұл тесттерді түлектер қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында тапсырады. Қаңтардағы, наурыздағы және тамыздағы ҰБТ-ға қатысқан талапкерге сертификатпен ЖОО-ның тек ақылы бөлімдеріне ғана түсуге құқық береді, ал тестіге қатысу ақылы болады. Осы үш тестілеудің нәтижесі бойынша, басқа үлгідегі сертификаттар беріледі және де олар грант алуға жарамайды. Егер талапкер мемлекеттік грант алғысы келсе, онда ол міндетті түрде маусымда ҰБТ тапсырып, тек соның қорытындысы бойынша ғана грант байқауына қатыса алады және де жоғары балл жинаған кезде ғана бюджет есебінен білім ала алады. Ақылы бөлімге түсу үшін талапкерлерге 4 ҰБТ-ның біріне қатысып, шекті балл жинаса жеткілікті. Мысалы, талапкер қаңтардағы тестілеуге қатысып, 120 балл жинайды – енді ол 1-ші ақпанда ЖОО қабылдау комиссиясына барып, бірден шартты түрде ақылы бөлімге тіркеле алады, ал егер соңынан грант алғысы келіп, маусымда ҰБТ-ға қатысып 50 балл жинаса, онда ол қаңтардағы 120 балл жинаған сертификатын көрсетіп, грантқа үміттене алмайды. Биылғы ҰБТ ережелеріне толықтырулар енгізілгенімен форматы өзгерілмейді. Пәндердің саны бұрынғыдай 5 және тест тапсырмалары – 120, максималды баллдар саны – 140. Талапкер 3 міндетті пәннен тест тапсырады. Олар: - Қазақстан тарихы, - математикалық сауаттылық, - оқу сауаттылығы, - 2 таңдау пәні.
Бүгінгі таңда ел болашағына сенімммен қарап, өз болашағымыздың жарқын болуын бәріміз қалаймыз .Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.Сондықтан мектеп-ата-ана-ұстаз болып осы балаларымыздың жарқын болашағы үшін болашақ грант иегері атану үшін сіздерді бірігіп жұмыс жасауға, білім алуын қадағалауға шақырамын. Мектеп тарапынан да ҰБТ-ға дайындық жұмыстары үнемі жүргізілетінін, кешендік тестілер апта сайын алынып, қорытындысы шығарылып отыратындығын, таңдау пәндері бойынша тыңғылықты әзірлік үнемі бақылауда болатындығын ескерткім келеді..
Осы оқу жылында 9 сыныпты 131 білім алушы, 11 сыныпты 56 білім алушы аяқтағалы отыр. Қазіргі таңда 11 сыныптар екінші ақылы тест тапсырып жатыр.Әр аптада тест жұмыстары алынып, талдау жасалуда!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив