Оқушыларға » Страница 13 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мектеп формасы мен жауапкершілік – табыстың кілті»
15
январь
2026
«Мектеп формасы мен жауапкершілік – табыстың кілті»
2026 жылдың 15 қаңтар күні “Заң мен тәртіп” айы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу және білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мектеп директоры Г. Сагимбекова 5–11 сынып білім алушыларымен мектеп формасын сақтау, мектепішілік ережеге бағыну, сабаққа кешікпеу және себепсіз сабақтан қалмау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Білім алушыларға мектепішілік тәртіп ережелері, білім алушының құқықтары мен міндеттері, сабақ тәртібін сақтамаудың салдары, сондай-ақ
Кәсіптік бағыт-бағдар беру бойынша
15
январь
2026
Кәсіптік бағыт-бағдар беру бойынша
15 қаңтар күні мектебімізге «Аяжан» медициналық колледжінен мамандар келді. Мамандық өкілдері 9-сынып оқушыларын медицина саласындағы мамандықтармен таныстырып, оқу орнына түсу шарттары, білім беру бағдарламалары және болашақтағы еңбек мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру
14
январь
2026
Мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру
Психологиялық қызметтің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 9–11 сынып оқушылары арасында мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтау мақсатында психологиялық тест жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ кәсіби бағытын саналы түрде таңдауға көмектесу, өзін-өзі тану мен әлеуетін дамытуға ықпал ету.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" шығарма байқауы
13
январь
2026
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" шығарма байқауы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты — оқушылар арасында адалдық, әділдік, заңға құрмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру. Іс-шараға мектеп оқушылары белсенді қатысып, өз ойларын шығармашылық тұрғыда жеткізді. Байқау нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, қатысушылар марапатталды.
«Кәсіби бағыт-бағдар: мамандыққа алғашқы қадам»
13
январь
2026
«Кәсіби бағыт-бағдар: мамандыққа алғашқы қадам»
2026 жылғы 13 қаңтар күні мектепте кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары аясында «Халықаралық Қазақ–Қытай тілі» колледжінің мамандарының қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға колледжде дайындалатын мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, қабылдау ережелері, сондай-ақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Іс-шараға 9–11 сынып білім алушылары қатысып, мамандар тарапынан кәсіби өзін-өзі анықтау, мамандықты саналы таңдау бойынша кеңестер алды.
"Қамқоршылар күні"
13
январь
2026
"Қамқоршылар күні"
Мектебіміздің әлеуметтік педагогтары “Қамқоршылар күніне” орай қамқоршыларды құттықтап алғыс хат пен сыйлықтарын тарту етті. Қамқоршылар рухани мейірімділіктің, жомарттықтың шынайы мысалысыздар. Балаларға жылулық пен қамқорлық, көңіл мен сүйіспеншілік сыйлағандарыңыз үшін, толыққанды отбасында өмір сүрудің үлкен бақыты үшін рахмет!       Сіздерге зор денсаулық, бақыт, өмір жолында барлық жоспарланған және өзгермейтін сәттілік тілеймін! Біз сізге мейірімділік, қамқорлық, шыдамдылық және
"Мен және мектеп ережелері"
12
январь
2026
"Мен және мектеп ережелері"
"Мен және мектеп ережелері" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
"Заң және тәртіп"
12
январь
2026
"Заң және тәртіп"
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» айлығы аясында білім алушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  
"Жарқын болашақ" олимпиадасы
25
апрель
2025
"Жарқын болашақ" олимпиадасы
"Жарқын болашақ" олимпиадасының облыстық кезеңінде 7 сынып оқушысы Қызайбай Әбілмансұр жүлделі II-орын иеленді