Кәсіби бағдар беру
Мектебімізде KSPN Медициналық колледжі мамандарының қатысуымен 9–11 сынып білім алушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы өткізілді. Кездесу барысында колледж өкілдері білім алушыларға медициналық мамандықтардың ерекшеліктері, оқу шарттары, қабылдау талаптары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, медицина саласының маңыздылығы мен қоғамдағы рөлі түсіндіріліп, бұл бағытты таңдаудың жауапкершілігі ерекше атап өтілді. Іс-шара барысында