Оқушыларға » Страница 10 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәсіби бағдар беру бағыты
14
март
2026
Кәсіби бағдар беру бағыты
13 наурыз күні Алматы инновациялық колледжі мамандары мектепке келіп, 9-сынып білім алушыларымен кәсіби бағдар беру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқу шарттары, қабылдау талаптары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар мамандар қазіргі заман сұранысына ие мамандықтар жөнінде айтып, оқушылардың өз қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндірді. Кездесу
"Әке мен бала" ертегісі  тақырыбында ашық тәрбие сағаты
14
март
2026
"Әке мен бала" ертегісі тақырыбында ашық тәрбие сағаты
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында 2 “В” сынып жетекшісі А.Кусаинова “Әке мен бала” ертегісі тақырыбында ата-аналармен бірлескен ашық тәрбие сағатын
Кәсіби бағдар беру
24
февраль
2026
Кәсіби бағдар беру
24 ақпан күні Алматы темір жол көлігі колледжі мамандары мектепке келіп, 9-сынып білім алушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында колледж мамандары оқу орнының мамандықтары, қабылдау талаптары, оқу үдерісі мен болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, темір жол саласындағы мамандықтардың ерекшеліктері мен артықшылықтары жөнінде толық мәлімет алды. Аталған шара білім алушылардың
"Климаттың өзгеруі жергілікті өсімдіктер өсіміне әсерін зерттеу"
16
февраль
2026
"Климаттың өзгеруі жергілікті өсімдіктер өсіміне әсерін зерттеу"
Жаратылыстану пәндер бірлестігінің "Жасыл мәдениет" жобасы аясындағы жоспар бойынша 13 қараша күні 9-сынып оқушылары қатысуымен "Климаттың өзгеруі жергілікті өсімдіктер өсіміне әсерін зерттеу" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жүргізілді. Іс-шараның мақсаты жергілікті климаттың өзгеруінің әсерін зерттеу жүргізу арқылы бағалау. Оқушылар зерттеу жүргізу күнделігінің нәтижелерін ұсынды. Олардың зерттеу жұмысында климаттың өзгеруінде құрғақшылық, температураның өзгеруі, жауын-шашын түсуі сияқты
«Сумен қамтамасыз ету деңгейінің өсімдіктердің биохимиялық көрсеткіштеріне әсері»
16
февраль
2026
«Сумен қамтамасыз ету деңгейінің өсімдіктердің биохимиялық
«Сумен қамтамасыз ету деңгейінің өсімдіктердің биохимиялық көрсеткіштеріне әсері» тақырыбында ғылыми жоба жұмысы жүргізілді. Зерттеу жұмысына 8–9 сынып оқушылары қатысты. Зерттеу мақсаты – өсімдіктердің өсуі мен дамуына су мөлшерінің әсерін анықтау, су жетіспеушілігі мен артық ылғал жағдайында өсімдіктердің биохимиялық көрсеткіштеріндегі (хлорофилл мөлшері, ақуыз, қант құрамы, фермент белсенділігі) өзгерістерді талдау. Зерттеу барысында тәжірибелік әдістер қолданылып, өсімдіктер әртүрлі су
«Кітап сыйлау» акциясы
16
февраль
2026
«Кітап сыйлау» акциясы
№42 жалпы орта мектебінде кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Кітап сыйлау» акциясы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және кітап қорын толықтыру болды. Акция барысында оқушылар мен ұстаздар мектеп кітапханасына өз еріктерімен түрлі көркем әдебиеттер, ертегілер, энциклопедиялар мен танымдық кітаптарды сыйға тартты. Әрбір сыйға берілген кітап — білімге қосылған үлкен үлес. Іс-шара барысында кітапханашылар
«Мен сенің досыңмын» психологиялық тренинг
16
февраль
2026
«Мен сенің досыңмын» психологиялық тренинг
Ағымдағы жылдың 13 ақпанында А. Тоқпанов ауылдық округінің №42 орта мектебінде 5 сынып білім алушыларымен «Мен сенің досыңмын» тақырыбында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен тренинг өткізілді. Оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық пен қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру, сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды дамыту мақсатында ұйымдастырылды.                                       Тренинг барысында оқушылар «Сәлемдесу – сағат тілімен», «Ең-Ең жылы қасиеттер»
"Қауіпсіз интернет-сенімді болашақ кепілі" дебат
10
февраль
2026
"Қауіпсіз интернет-сенімді болашақ кепілі" дебат
10 ақпан күні білім алушылардың интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру, киберқауіптердің алдын алу мақсатында 8 «В» және 8 «Ж» сынып білім алушылары арасында «Қауіпсіз интернет – сенімді болашақ» тақырыбында дебат өткізілді. Дебат барысында оқушылар интернеттегі жеке деректерді қорғау, әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, кибербуллинг пен интернет-алаяқтықтың алдын алу, желідегі жауапкершілік мәселелері бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Іс-шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін
Болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру
10
февраль
2026
Болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру
9-сынып білім алушыларына болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға Алматы қаласының Инновациялық колледжінен келген мамандар қатысып, оқушыларды колледжде оқытылатын мамандықтармен, қабылдау талаптарымен, оқу барысымен және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратпен таныстырды. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі пайдалы мәлімет алды.
"Құқық бұзушылықтың алдын алу" бойынша жұмыс
10
февраль
2026
"Құқық бұзушылықтың алдын алу" бойынша жұмыс
10 ақпан 2026 жылы білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұлдармен және қыздармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға ЮПТ полиция капитаны Беидинчанов Тахир қатысып, оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.