Оқушыларға » Страница 2 » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлдар жиналысы
21
ноябрь
2025
Ұлдар жиналысы
20.11.2025ж 42 орта мектебінде Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында АПБ ЮПТ полиция капитаны Бейдинчанов Тахир Хусайинович 9, 10, 11 сынып білім алушыларымен түсіндірме жұмысын жүргізді.  Оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілікті сезіну, мектеп тәртібін сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, олардың салдары, интернеттегі қауіпсіздік, қоғамдағы тәртіп
"Балауса"- 2025 жасөспірімдер арасында  облыстық өнер байқауы
21
ноябрь
2025
"Балауса"- 2025 жасөспірімдер арасында облыстық өнер байқауы
Алматы облысының Мәдениет басқармасы мен Алматы облысының шығармашылық орталығы 14 қараша күні  Еңбекші қазақ ауданының Тұманбай Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде  "Балауса"- 2025 жасөспірімдер арасында  облыстық өнер байқауын өткізді.42 орта мектептен  вокал номинациясы бойынша үздік өнер көрсетіп облыс әкімінің  бас жүлдесі 100 000(жүз  мың теңге) сертификатты 8 "Ж" сынып оқушысы Қызайбай  Әбілмансұр иеленді. Жетекшісі Дуйсебаева Қалимаш Тұрсынқұлқызы
Дебат сайысы
21
ноябрь
2025
Дебат сайысы
14.11 күні «Өзін-өзі басқару» ұйымы Дебат фракциясының ұйымдастыруыменен оқушылардың сыни ойлауын дамыту, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білу және шешендік қабілетін арттыру мақсатында дебат сайысы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар берілген тақырып бойынша өз ұстанымдарын қорғап, қарсы тараптың пікіріне логикалық дәлелдемелермен жауап берді. Дебат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Қазылар алқасы қатысушылардың сөйлеу мәдениетін, уәжді дәлелдерін, сұрақ
Кітапхана
21
ноябрь
2025
Кітапхана
Кітапхананың жұмыс күнделігі толтырылды.Күнделікті оқырмандарды тіркеу журналына 29 оқырман тіркелді. 3 сынып-  5 білім алушы, 4 сынып-9 білім алушы, 8 сынып- 10 білім алушы және 5 мұғалім. Білім алушылар кітапханаға үлкен үзілісте келіп ертегі кітаптар оқыды.Оқулықтардың ұқыпты ұсталуы,оқулықтарға рейд жүргізілді 1-4 сыныптар арасында, оқулық кітабын қаптамаған, желіндемеген білім алушыларға ескерту айтылды. Кітапхана белсенді мүшелерімен отырысы болып, жұмыс жоспары құрылды  Кітапхана
Облыстық Ауыл олимпиадасы
21
ноябрь
2025
Облыстық Ауыл олимпиадасы
Ауыл мектептерінің  оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың  облыстық    кезеңінен                                       11-сынып оқушысы Байжұман Бекзат 3-орын, жетекшісі                                             А. Четыкбаев,  9-сынып оқушысы Кенжебекова Назерке 2-орын, жетекшісі                                      Н. Аманбаева,11—сынып оқушысы Аманқал Аслан 3-орын, жетекшісі               Н. Шамғұн,9-сынып оқушысы   Супатаева Жадыра  2-орын,     
"Бақытты балалық шақ" өнер байқауы
21
ноябрь
2025
"Бақытты балалық шақ" өнер байқауы
Аудандық  1-4 сыныптар арасында өткізілген "Бақытты балалық шақ"өнер байқауында 2сынып оқушысы Айнабек Нұрлы жүлделі 3 орын иеленді  Жетекшісі Қалимаш Тұрсынқұлқызы
“Салауатты өмір салтын сақтау, вейп зияны” тақырыбында жиналыс
10
ноябрь
2025
“Салауатты өмір салтын сақтау, вейп зияны” тақырыбында жиналыс
10.11 күні 9,10 сынып қыздарымен “Салауатты өмір салтын сақтау, вейп(электронды темекі)  зияны” тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, мектеп психологтары және медбике қатысты
Жалпы жиналыс
10
ноябрь
2025
Жалпы жиналыс
Бүгін біздің мектепте өткен жалпы жиналыста мектеп президенті А.Асқар  және Бала өкілі Ш.Талғатқызы      “Бала үні”тақырыбында сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында оқушылардың пікірін тыңдау, ұсыныстарын қабылдау және мектеп өміріне белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті. Мектеп президенті және Бала өкілі оқушы үні – тек сөз емес, ол әрбір оқушының өз ойын ашық айтып, ортақ шешім қабылдауға үлес қосуы екенін айтты. Сонымен қатар, ол оқушыларды мектепті дамытуға бағытталған түрлі бастамалар мен
Аудандық олимпиада
03
ноябрь
2025
Аудандық олимпиада
Аудандық физика пәнінен 10—сыныптар арасында олимпиадаға қатысқан 10—сынып оқушылары Аманқал Аслан, Молдахмет Абылай 2—орын иеленді. Жетекшісі Н. Шамғұн.