15
февраль
2024
"Ата-аналар назарына!"
Құрметті ата-аналар!
Қазіргі таңда қоғамда вандализм-қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық фактілері жиілеп кетті. Вандализм (лат. vandalism) — мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тып-типыл тонау әрекеті. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі есептеледі. Балалар арасындағы вандализм-бұл қоғамға және балалардың дамуына теріс әсер ететін күрделі мәселе. Вандализмнің себептері- тиісті тәрбиенің болмауы және ата-аналардың балалардың ойын-сауығына жеткіліксіз көңіл бөлуі. Вандализм кесірінен зардап шеккен қоғамдық және табиғи нысандарды, қоршаған ортаны қалпына келтіруге қосымша шығындар талап етеді. Сондықтан балаларымызға көп көңіл бөлейік!