"Бала қауіпсіздігі - ата-ананың басты міндеті" ата-аналар жиналысы » №42 орта мектебі
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Бала қауіпсіздігі - ата-ананың басты міндеті" ата-аналар жиналысы
28
январь
2026

"Бала қауіпсіздігі - ата-ананың басты міндеті" ата-аналар жиналысы

Іле ауданы, А. Тоқпанов ауылының №42 орта мектебінде «Заң мен тәртіп» айлығы аясында әлеуметтік педагог пен мектеп психологтарының қатысуымен «Бала қауіпсіздігі – ата-ананың басты міндеті» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы тиімді ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ балалардың дұрыс тәрбие мен қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау.

Жиналыс барысында келесі мәселелер қаралды:

  • Бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі ережелері;

  • Балалардың күнделікті өмірінде туындайтын қауіп-қатерлер және олардан қорғану жолдары;

  • Интернет және әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, цифрлық мәдениет;

  • Мектепішілік тәртіп пен ережелерді сақтау;

  • Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігі.

Әлеуметтік педагог пен психолог ата-аналарға нақты мысалдар арқылы түсініктеме беріп, сұрақтарына толық жауап берді. Сонымен қатар, ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, балалардың қауіпсіз ортасында өсуін қамтамасыз ету жолдарын талқылады.

Жиналыс қорытындысында баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әр отбасының басты міндеті, сондай-ақ мектеппен бірлесе отырып, қауіпсіз және тәрбиелі орта қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив