Кәсіби бағдар беру бағыты
13 наурыз күні Алматы инновациялық колледжі мамандары мектепке келіп, 9-сынып білім алушыларымен кәсіби бағдар беру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқу шарттары, қабылдау талаптары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар мамандар қазіргі заман сұранысына ие мамандықтар жөнінде айтып, оқушылардың өз қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндірді. Кездесу